Хабар телеарнасы

Алматыда «Алматы жазы» атты экологиялық акция басталды

Іс-шара аясында қала тұрғындары өздері тұрып жатқан аулаларды тазалап, көшелерді көріктендіреді. Игілікті эстафета Наурызбай ауданында бастау алып, жалпы қала бойынша жалғасады. Сақ қорғандары - тарихи мұра. Тазалық іс-шарасының осы жерден басталуының өзінде өнегелік әрі тәрбиелік мән бар. Экологиялық акцияға табиғат жанашырлары мен жазушылар қауымы да қатысты. Акция аясында өзен жағалауы, саябақтар мен скверлерге ерекше назар аударылады. Табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған экологиялық іс-шара әр ауданда өтеді.

Болат Бопайұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:
-Бүгін керемет шара. Ұрпағымыз келіп жатыр, көріп жатыр. Ұрпақты ертеңге тәрбиелеу үшін тарихты білгізу ең маңызды нәрсе. Экология таза, жан жағының бәрі көгертілген, ағаш егілген.

Нұрлан Құттыбаев, қалалық экология және қоршаған орта басқармасының бөлім басшысы:
-«Таза Қазақстан» республикалық тазалық науқына барысында Алматыда ауқымды жұмыс атқарылды. Абаттандыру, көшелерді жөндеу, жасыл желек қорын молайту бойынша жоспарлы іс орындалып жатыр. Мақсат - қала тұрғындарын тазалыққа шақырып, санитарлық мәдениетті қалыптастыру.