Хабар телеарнасы

Жолаушылар вагоны жаңартылады

«Биылдың өзінде 140 жаңа вагон іске қосылады»,- дейді Көлік министрлігінің өкілдері. 50 вагон елге келді. Қалғаны жыл соңына жеткізілуі тиіс. Жаңа вагондар мына тізімде көрсетілген 8 бағыт бойынша жаңартылады.

Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін еліміздің 7 мың шақырым тасжолында  құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталады. Ел аумағындағы автожолдардың ұзындығы 95 мың шақырым болса, қазір соның 12 мың шақырымында жөндеу және құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

«Азаматтық авиация саласында да даму бар»,- дейді жартыжылдықты қорытындылаған Көлік министрлігінің өкілдері.

Биыл отандық әуе компаниялар паркі 5 ұшақпен толығып, жолаушылар ағыны 6,8 млн адамға жеткен. Ал халықаралық рейстердің географиясы 132 бағыт бойынша 33 елге дейін кеңейтілген. Ішкі туризмді дамыту мақсатында бірнеше өңірге субсидия қарастырылған.Теңіз инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді.