Хабар телеарнасы

Құлсарыда тасқыннан зардап шеккендерге 100 үй салынып жатыр

Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккендер үшін 100 үй салынып жатыр. Іргетасы құйылып, қабырғасы қаланған. Шатырын жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауданы 100 шаршы метр болатын 4 бөлмелі тұрғын үйге барлық инженерлік инфрақұрылым тартылған. Қазір онда 8 мердігер мекеме жұмыс істеп жатыр. Құрылыс жұмыстарына 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Баспаналар 1 қыркүйекке дейін тапсырылады деп жоспарланған.