Шымкенттегі «Фосфоршылар» мәдениет сарайы сүрілетін болды
Шымкент қаласындағы 50 жылдық тарихы бар «Фосфоршылар» мәдениет сарайы сүрілетін болды. Себебі зәулім ғимарат ондаған жыл қараусыз қалып, қабырғалары қақырай бастаған. Сондықтан оны қайта қалпына келтіру тиімсіз. Жекенің меншігінде болған нысан былтыр мемлекетке қайтарылған еді. Енді ескі ғимараттың орнына жаңасын салумен қайырымдылық қоры айналысады.
Әйгерім Жұмағұлова, қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы:
-Техникалық сараптама аяқталды бүгінгі күні. Бұл бойынша оны қайтадан қалпына келтіру мүмкіндігі тумай отыр. Сүріледі деген шешім қабылданды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында демеушілер есебінен тарихи келбеті, функционалдық міндеті бәрі толығымен сақталады. Тұрғындарға оның айырмашылығын барынша сездірмеуге тырыстық.