Хабар телеарнасы

Көкшетаудағы жылу қазандықтары жөнделіп жатыр

Желілер де ауыстырылуда. Соңғы жылдары шаһардағы халық саны өсіп, 200 мыңға жуықтаған. Жаңадан бой көтерген көпқабатты үйлер саны да артты. Сондықтан жарты ғасыр бұрын салынған жылу қазандығын жаңартып отырмаса, қуаты жетпейді. Қаладағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 180 шақырымнан асады. Соның 43% ескірген. Бұған дейін жылына шамамен 1 шақырым желі ауыстырылатын. Биыл бұл мақсатқа Үкіметтен қосымша 555 млн теңге бөлінген. Жөндеу 15 қыркүйекке дейін аяқталуға тиіс. 

Талап Егінбаев, коммуналдық мекеменің бөлім жетекшісі:
-Бүгінгі таңда Үкімет резервнен бөлінген қаржыға үйлердің аулаларында орналасқан жылу желелерін ауыстырудамыз. Нәтижесінде 6 шақырымнан астам желі жаңартылады. Қазір біз Ғабдуллин көшесінің бойындағы жылу құбырларын ауыстырып, жөндеп жатырмыз.

Жәнібек Қасымов, коммуналдық мекеменің бас инспекторы:
-Тұрғын үйлердің жертөлелеріндегі инженерлерлік желілерді де тазалап жатырмыз. Себебі көп үйлерлердің жылу жүйелері бітеліп қалған.