Түркістан тұрғыны мүгедектігі бар азаматты 400 мың теңгеге сатқан
Түркістан тұрғыны мүгедек жанды 400 мың теңгеге сатпақ болған жерінен ұсталды. Облыстық прокуратура қызметкерлерінің мәліметінше, адам саудасымен айналысқан күдікті соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыр сұрауға мәжбүрлеп келген және оларды Шымкент қаласында сату кезінде қолға түсіп, қамауға алынды.
Олжас Марин, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:
-Сонымен қатар тағы да 10 азаматтың адам саудасымен айналысуға қатыстылығы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қазіргі таңда адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді.