АЭС энергия тапшылығын шеше алады
2030 жылға қарай еліміздегі электр энергиясының тапшылығы 13 млрд киловатт/сағаттан асуы мүмкін. Бұл тапшылықты шешудің бірден-бір жолы - атом электр станциясын салу. Маңызды шешімді қабылдайтын кез келді. «Ядролық физика институтының сарапшысы Дарын Бөргеков осылай»,— дейді. Маманның сөзінше, бүгінде баламалы энергия көздерінің берер қуаты жеткіліксіз. Қолдану мерзімі әрі кетсе, 15 жылға ғана жетеді. Бұл орайда әлемнің озық елдері біршама уақыттан бері атом электр станциясын қолданады. «Францияның өзінде мұндай 52 станция бар. Соның арқасында оларда біздегідей электр энергиясына деген тәуелділік жоқ»,— дейді сарапшы.
Дарын Бөргеков, ҚР ЭМ Ядролық физика институтының Астана қалалық филиалы директорының орынбасары:
-Қазір атом өнеркәсібі дүниежүзінде бірінші орында, әлемнің 45% атоммен қамтамасыз етіп отырған мекеме. Енді сонда бүкіл әлемде қамтамасыз етіп, өзімізді қамтамасыз ете алмаймыз ба? Бізде АЭС-тен басқа барлық компоненттер бар. Тек қана АЭС жетіспейді. Бұл өте тиімді. Біз оны қолдануымыз керек. Бізде мамандар бар. Шикізат бар.