Абай облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының экс-бастығы сотталды
Абай облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының экс-бастығы сотталды. Антикордың хабарлауынша, Гүлвира Дөненбаева өзі жетекшілік ететін басқармадағы қызметкерді «инспектор» лауазымына тағайындау үшін мың доллар сұратқан. Кейін параны әріптесі арқылы алған. Семей қаласының №2 соты Дөненбаеваны 4 жыл бас бостандығынан айырды. Пара алуға көмектескен қызметкер 3,5 жылға, ал пара беруші 3 жылға темір торға тоғытылды. Бұған қоса, сотталғандар атақтарынан және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.