Алматы облысының Қаратоған ауылы ауызсуға жарымай отыр
9 жыл бұрын елді мекенге ауызсу құбыры тартыла бастаған еді. Алайда мердігердің жауапсыздығынан құрылыс тоқтап қалған. Биыл бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен қосымша 393 млн теңге бөлінді. Қазір соның жартысы игерілген. Онда әрқайсысына 300 текше метр су сыятын екі қойма қойылып, сорғы станциясына заманауи қондырғылар орнатылады.
Қаратоған мың шақты тұрғыны бар шағын ауыл. Халқы әзірге тау өзенінің суын пайдаланып отыр. Су құбырын тарту жұмыстары желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған.
Қалдықыз Дүйсенбекова, Қаратоған ауылының тұрғыны:
- Бұрын деген осы ауылымызда су жоқ болатын. Биыл енді жаңадан су түсіп жатыр ауылға. Көше көшеге тартып, болашақта үйімізде су болады деп ойлаймыз.
Жарылқасын Кесікбасов, мердігер компанияның өкілі:
- Енді қазір мына наружные сети дейді, ауылдың ішінде 4 км жерді өтіп қойдық. Содан кейін мына водозабор бар жерде 49 құдық қойылады. Содан кейін жаңағы 26 өрт гидранты қойылады. Мына ауылдың ішінде
жалпы ұзындығы 5,5 км. Ол жерде жаңағы полиэтиленовый труба қойылады.