АЭС салу қаншалықты қажет?
Жетісу облысында электр энергиясына деген сұраныс артып келеді. Өткен жылдың өзінде өңір тұрғындары сағатына 1,9 млрд кВт электр энергиясын тұтынған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 15%-ке көп.
Ал еліміздегі электр энергиясын өндіретін нысандар тоза бастаған. «Болашақта энергия тапшылығын болдырмау үшін АЭС салу керек», - дейді сала мамандары.
Қоғамдық тыңдауда Энергетика министрлігінің өкілдері әлемдегі дамыған елдердің осы салаға иек артып отырғанын жеткізді. Және көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап берді.
Құсайын Дәуітұлы, облыстық «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» ҚБ төрағасы:
- Тоқсыз не компьютер жұмыс істемейді, не байланыс болмайды. Техника машинаның өзі бензиннен тоққа көшіп жатыр. Олар қалай зарядтайды? Сондықтан энергиясыз болашақ жоқ десе болады.
Гүлмира Мұрсалова, ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары:
- Жел электр станциялары, күн электр станциялары олар ауа райына тәуелді болған соң тұрақсыз болып саналады. Бұл себептен қазір бүкіл әлем атом энергетикасын дамытып жатыр.