Хабар телеарнасы

Қарағанды облысындағы Астаховка ауылы ауызсуға жарымай отыр

Осыдан 30 жыл бұрын су құбырлары құрдымға кеткен. Жергілікті тұрғындар тіршілік нәрін бұлақтан тасып ішеді. Тек өткен жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша қазына қаржысынан 676 млн теңге бөлінген.

Мамандар 300-ден астам халқы бар ауыл төңірегінен бірнеше сынама алып, суы тұщы әрі мол аумақты анықтаған. Екі 50 текше метрлік резервуар қойылып, су ағысын қалыпқа келтіру станциялары салынды. Қыркүйек айында орталықтандырылған су жүйесі іске қосылады деп жоспарланған.

Амангелді Әрінов, Астаховка ауылының тұрғыны:

- Осы сумен айналысып тасып жүрмін күнде. Су жоқ ауылда. Енді бір осы құдайдың берген суы бұлақ. Водопровод жасап жатыр ауылға. Соған үлкен үмітіміз бар.