Хабар телеарнасы

Қарағандыдағы зауытта болған оқыс жағдайға кімнің кінәлі екені анықталды

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған жазатайым оқиғаға жұмыс беруші тарап кінәлі. Комиссия мүшелері кәсіпорын жұмысын тексеріп, барлық материалды зерделей келе осындай қорытынды шығарған.

Мамандардың айтуынша, зауытта қауіпсіз еңбек жағдайы жасалмаған және жұмысшылардың арнайы ережелер мен технологиялық тәртіпті сақтауына қатысты бақылау дұрыс жүргізілмеген. Сондықтан жұмыс беруші тарап аталған олқылықтарды жоюға міндеттелді.

Еске салсақ, 20-шы шілдеде кеншілер қаласындағы ферроқорытпа зауытында пештен жалын шарпып, 8 адам күйіп қалған еді. Зардап шеккендердің 4-еуі ауруханада қайтыс болды.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР  ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы:

- Кәсіпорында травматикалық факторлардың әсерін болдырмау үшін шұғыл шаралар тиісті дәрежеде қабылданбағаны, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқаулықтарды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылау элементтері тиісті дәрежеде жасалмағаны анықталды.