Хабар телеарнасы

Қазақстандық өнерпаз Эльбрус шыңын бағындырды

Қазақстандық Әлібек Қайырбек Эльбрус шыңын бағындырып, бұл жетістігін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнады. Қалибек Қуанышбаев атындағы Ұлттық музыкалық драма театрының әртісі енді тау басында өнер көрсеткен алғашқы қазақ атанды.

Ал түркиялық Идил мен Бурак есімді ерлі-зайыпты 2 жасар баласымен бірге Анкарадан Астанаға қарай жолға шықты. Олар ұшақ не пойыз емес, өздері жасақтап алған "Көшпенді" деп аталатын жеке автобуспен келе жатыр. Мақсат – елордада қыркүйек айында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көру.

Автобус 1982 жылғы, оны отағасы жайлы етіп, автоүйге айналдырып алған.