Ұлытау облысының активіне өңірдің жаңа басшысы таныстырылды.
Облыс әкімі лауазымына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және осы аймақ әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаевты ұсыну туралы Президент хаты оқылды. Ашық дауыс беру нәтижесінде депутаттардың 87 проценті Есет Байкеннің кандидатурасын қолдап дауыс берді. Ол мемлекет басшысының жарлығымен облыс әкімі болып тағайындалды.
Жиында Үкімет басшысы жаңа Конституцияның күшіне енуі ел дамуындағы маңызды тарихи кезеңнің бастауы болғанын атап өтіп, Президенттің өңір басшылығына жүктеген тапсырмаларына тоқталды.