Су тасқыны: Атырау облысында 21 арнаны жөндеу қажет
Атырау облысында су тасқынынан 21 арнаның жартысында гидроқондырғы істен шығып қалған. Жайық өзенімен 14 млрд текше метр су келген кезде елді мекендерді қорғау үшін қаладағы гидробекеттен 9 млрд текше метр су арналар арқылы Каспийге жіберілген еді. 360-тан астам егін шаруашылығын сумен қамтып отырған арнаның біразы мол суға шыдас бермеді. Салдарынан, Махамбет, Индер аудандарындағы егіс алқаптарына су жетпей жатыр. Облыстың ауыл шаруашылығын толықтай сумен қамту үшін 2 млрд теңге қаражат керек. Бірақ «Қазсушар» республикалық коммуналдық кәсіпорнына қарасты су арналарының жұмысына жергілікті атқарушы органдар араласа алмай отыр.
Асланбек Рысжан, «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры:
-Шамамен 200 млн-дай қосымша сұрап отырмыз. Кабьяково-Забурын каналына, 600 млн-дай қаралаған. Енді материалдардың басқа да жұмыстардың қымбатсуына байланысты олар корректировкаға беріп тастады. Қазір Кабяково каналы тоқтап тұр. Махамбет ауданы бойынша да «Бақсай» каналы тоқтап тұр. Есбол –Қазыбай каналы тоқтап тұр.