Үндістандық сарапшы: Қазақстанға АЭС құрылысын қолға алу керек
Жаһанда атом электр станциясының саны бойынша АҚШ, Қытай, Франция мен Жапония көш бастап тұр. Атом қуаты саласын дамытқан бұл елдердің экономикасы да қарқынды өсіп келеді.
Үндістандағы энергетика агенттігінің бас сарапшысы Сумоджит Мукерджи осылай дейді. Айтуынша, энергия тапшылығы елдің дамуын тежейді. «Сондықтан әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесін ескеріп, Қазақстанға АЭС құрылысын қолға алу керек. Бұған қоса, ядролық энергияны дамыту – ауыл шаруашылығы, медицина сынды бірнеше саланы дамытады»,- дейді үнді сарапшысы.
Сумоджит Мукерджи, Үндістандағы энергетика агенттігінің бас сарапшысы:
- Меніңше, Қазақстан өзге елдердің атом өнеркәсібін зерттегені абзал. Мәселен, Қытай алдағы 50 жылда ең көп реактор салуды көздеп отыр. Франция да жақсы үлгі бола алады. Онда қуаттың 70%-ке жуығы осы атом энергиясынан келеді. Ұлыбритания болса, тағы 2 станция салуға кірісті. Ал Жапония өзінің барлық 30 электр стансасын қайта іске қосуды жоспарлап отыр. Яғни бұл энергияның әзір ең тиімді көзі.