Ақмола облысында локомотив құрастыру зауыты салынады
Өндіріс ошағы Атбасар қаласында бой көтермек. Нысанның іргетасы қаланды, енді құрылысы 2025-26 жылдары жүргізіледі. Зауыт жылына түрлі локомотивтердің бас-аяғы 360 секциясын жинайтын болады. Кәсіпорында 800 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Ірі жобаға 47 млрд теңге жеке инвестиция тартылыпты. Айта кетейік, Қазақстанда қазір локомотив құрастыратын бірнеше зауыт бар. Олар өзімізбен қатар көрші елдерді де теміржол көлігімен қамтамасыз етіп отыр.
Жанатбек Адамбаев, зауыт директоры:
-Зауыт осындағы электровоз жөндеу зауытының жанынан салынады. Кәсіби мамандар да сол жерден тартылады. Оның үстіне Атбасар тоғыз жолдың торабында орналасқан қала. Мұнда теміржолшылар династиясы көп.