Хабар телеарнасы

АЭС салу: Саясаткерлер мен саясаттанушылар не дейді?

Атом электр станциясын салу жөніндегі референдум күні 6 қазанға белгіленген соң осы тақырыптағы пікірлер көбеюде. Ғалымдар ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, саясаткерлер саяси аспектісінен позитив көреді. Ядрошы мамандарды тыңдасақ, атом энергиясы қауіпсіз. Экологтардың айтуларынша, таза. Ал саясаткерлер мен саясаттанушылар не дейді?

Атом электр станциясы энергетика саласымен қоса, ғылыми-техникалық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында бас қосқан жас ғалымдар пікірі бұл.

Айтуларынша, АЭС жоғары технологиялы қондырғы болғандықтан, көптеген саланың дамуына әсер етеді. «Технологиялық дамуды мақсат тұтқандықтан, бұл бас тартатын сала емес», - дейді.

Медеу Әбішев, физика-математика ғылымдарының докторы:

- Бізде Ядролық физика инистуты бар. Жетекші университеттер ядролық физика саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді және бүкіл дүниежүзінің алдыңғы қатарлы осы ядролық физика орталықтарымен қатынас ортатып, мамандарды тәжірибе алмасуға және жас мамандарды, студенттерді сол жаққа тағылымдама алуға жібереміз. Басқаша айтқанда, дүниежүзілік қоғамдастықта біздің орнымыз елеулі деп айтуға болады.

Елімізде атом электр стансасын салу қажеттілігі 90-шы жылдардың ортасынан көтерілгенін айта кету керек. «Себебі ядролық энергетиканың алғышарты кеңес заманында жасалып қойған»,- дейді Мәжілісмен Сергей Понамарев. 

Сергей Пономарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бізде Маңғыстаудағы сұйық нейтрондармен жұмыс істейтін Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты 35 жыл жұмыс істеді. Курчатовта Ұлттық ядролық орталық, Алматыда Ядролық физика институты бар. Ол жерде 6 мегаваттық ядролық реактор 60 жылдай жұмыс істеп тұр. МАГАТЭ-нің баскөз болуымен ядролық отын қалдықтарын көму мен сақтау бізде жолға қойылған. Үлбіде ядролық отын шығаратын өндірісіміз бар. Уран өндірісінен әлемдегі көшбасшымыз. Яғни инфрақұрылымдық мүмкіндіктерде кадр мәселесіне дейінгі барлық алғышарт бізде қалыптасқан.

Сарапшылық ортада АЭС тек тапшылықты ғана жою үшін қажет емес екені бұрыннан айтылып келеді. Атом энергиясы - тұрақтандырушы фактор. Ол бірінші кезекте бүгінімен өмір сүретін емес, ертеңгі күнді ойлайтын елдер үшін маңызды стратегия. 

Алмас Әбілдаев, энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы:

– Атом станциясы энергетикалық стратегияның ішіне кіреді ғой. Инклюзивтік энергетикалық переход дейді ғой. Ғылым дамиды. Біз өзіміз келешекте басқа мемлекеттерге, әртүрлі реактор типтері бар. Соларға жаңағы «ядерное топливо» дейді ғой. Соларды дайындап. Ол да бір жақсы кіріс бабы. Валюта келеді.

Референдумда халық батасын берсе, Парламент депутаттарының да жұмысы көбеймек.

Әлішер Сатыбалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Егер АЭС салынатын болса, халықаралық келісімшарттардың барлығына сәйкес біздің ішкі заңдарымызды реттеуіміз керек болады. Сол үшін бүгінгі таңда жұмыс бастауға дайынбыз.

Қазір әлемде салынып жатқан стансалар 3+ буынға жатады. Қазақстан үшін қолайлы технологияны 4 компания ұсынып отырғаны мәлім. Таңдау кімге түседі деген сұрақты сарапшыға қойдық.

Берік Дүйсенбай,тілші :

- Өткен жылы 115 млрд кВт/сағат электр энергиясын пайдаланған екенбіз. Алдағы 11 жылда оған сұраныс 152 млрд кВт/сағаттан асады. Ал еліміздегі электр станцияларының қуаты сол кезде 135 млрд кВт/сағатты құрайды екен. 17 ГВт тапшылықты жойып, тыныш ұйықтау үшін қосымша 26,5 ГВт керек. Ол негізінен жел, күн, су сияқты жаңаратын қуат көздерін көбейту есебінен іске асады. Ал атом осының барлығын тұрақтандырушы фактор болмақ.

Берік Дүйсенбай