Хабар телеарнасы

Ақтөбелік ғалымдар елімізде АЭС-тің құрылыс мәселелерін талқылады

Ақтөбелік ғалымдар елімізде атом электр станциясының құрылысы мәселелерін талқылады. Қазір ірі қалаларды айтпағанда облыстық маңызы бар шаһарлардың өзінде электр жарығын тұтыну деңгейі күрт өскен. Себебі аймақтарда ауқымды кәсіпорындар іске қосылып, энергия көзіне сұраныс артып отыр. Сондықтан сарапшылар электр тапшылығы мәселесін шешуді кейінге қалдырмаған жөн дейді. Физиктер мен биологтар, эколог мамандар атом электр станциясының қоршаған ортаға әсері мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын талқылады. Мамандар қазіргі таңда ядролық атом электр станциялары құрылысына заманауи, жаңа технологиялар қолданылатынын айтады.

Қуанышбек Шүнкеев, «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми орталығының директоры:
-Қай жерде де маман жұмыс істеу керек. Яғни ол құрылыс мәселесімен бірге біз маманды бірдей дайындайтын болу керек. Маман қандай атом электр станциясы құрылады сондай кластағы, сондай поколение, сондай атом электр станциясында жұмыс істейтін маман болуы керек.