Петропавлда 4 жайлы мектеп салынып жатыр
«Орман» және «Береке» шағынауданындағы әрқайсысы 600 орындық білім ошақтарының құрылысы аяқталуға жақын. Ал «Қопай» және «Жас өркен» ықшамаудандарында жалпы сыйымдылығы 1500 орындық екі мектептің құрылысы биыл басталды. Олар келер жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Оған дейін мектеп бағдарламасына қаржылық сауаттылық және цифрлық гигиена пәндерін енгізуді жоспарлап отыр. Тарих пәнінің мұғалімі Виктория Бородайдың пікірінше, тарих пәнін оқытуға да баса мән беріледі.
Виктория Бородай, тарих пәнінің мұғалімі:
- Күнделікті өмірімізге, іс-әрекетімізге бейжай қарамағанымыз секілді тарих та тасада қалмауы керек. Мен тарих кітаптарын лицензиялау бойынша курстарды аяқтадым. Сондықтан жас ұрпақтың бойында елге, жерге деген махаббатты қалыптастыратын әдебиетке баса назар аударамын. Білім беру саласына, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесімді қосамын.