Атыраулық энергетиктер: АЭС құрылысы – кезек күттірмейтін іс
«АЭС құрылысы - кезек күттірмейтін іс»,- дейді атыраулық энергетиктер. Себебі мұнай-газ өнеркәсібінің 65% шоғырланған Атырау өңірінде электр қуатына деген сұраныс жыл санап өсіп келеді. Сәйкесінше жаңа баламалы электр энергиясын талап етеді.
Атырау қаласына қарасты Талғайраң ауылында биыл 5 көшенің электр желісі жөнделеді. Электриктер бригадасы күніне 12 тірек бағанды ауыстырып, жаңа қосылған нысандарға электр желісін жалғауда. Жалпы биыл облыста түрлу кернеудегі 1700 шақырым электр желісі жаңғыртылуы тиіс. Себебі мұнайлы өңірде электр энергиясына деген сұраныс жыл санап артып келеді.
Қуат Сисенғалиев; «Атырау Жарық» АҚ-ның I тете-президенті:
-Шілде айын алсақ, почти 240 млн киловатт/сағаттың үстінде тұтынылды. Оны қазіргі нагурзкамен алсақ, мысалға, Атырау Жарықтың шамамен 320 мега/ватт қуатқа тең.
Атырау облысындағы «Теңіз», «Қашаған», «Қазақстанның тұңғыш газ химиясы» кешені секілді ірі жобалар өздеріне қажетті электр энергиясын табиғи газден өндіреді. Б«ірақ тұрақты қуат көзін қарастыру бүгінгі күннің басты талабы»,- дейді сала мамандары.
Мұқамбетқали Қалиев, Атырау энергокешені ардагерлер кеңесінің төрағасы:
-Қазір барлығы да атом энергиясына көшу жөнінде жұмыстанып жатыр. Мысалға алатын болсақ, Францияда 70% сол атом энергиясының көзімен өндіріледі. Бізде жылма-жыл өндіріс дамып жатыр, транспорт, жылма-жыл 3.4.5%-ке дейін өсіп отырады. Ол өсімді қамтамасыз ету үшін жаңағыдай базалық деңгейдегі электр энергия көзі керек.
Атырау Жылу Қуат Орталығы жылына 1,5 млрд кило/Ватт электр энергиясын өндіруге қауқарлы. Алайда ол жеткіліксіз болғандықтан Құрманғазы ауданына қарасты «Азғыр» өңірі Индер ауданының шет ауылдары ресейлік қуат көздеріне тәуелді. Егер АЭС секілді бірегей, тұрақты ток көзін өндіретін жоба қолға алынса, экономикаға үлкен серпіліс берері даусыз.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов