Хабар телеарнасы

Көкшетаулық ғалымдар: АЭС салу экономиканың өркендеуіне ықпал етеді

Атом электр станциясын салу экономиканың өркендеуіне ықпал етеді. Бұл бірінші кезекте халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Көкшетаулық ғалымдар осындай пікірде. Қазір елдегі жылу электр станцияларының 70% тозған. Ал энергия тұтыну көлемі жыл санап артып барады. Сондықтан ғалымдар сенімді және экологиялық таза қуат көздері қажет екенін айтады. Ал экономиканы мол энергия қорынсыз дамыту мүмкін емес.

Сағат Мұхамедин, техника ғылымдарының докторы:
-Атом электр станциясының салынуы, оның пайдалануға берілуі өте қажет. Мезгілінде қаралып отырған мәселе. Өйткені біз енді бір 10-15 жылдан кейін болатын болса, Қазақстан экономика мүлдем құлдырап кетеді.