Хабар телеарнасы

Алматы облысы Алатау қаласымен толықты

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алматы облысында жаңа қала – Алатау бой көтеріп жатыр. Президент бұл жобаға ерекше басымдық беріп, назарда ұстап отыр. Сол себепті облыс басшылығы жаңа шаһарда жаңа жұмыс орындарын ашу, заманауи инфрақұрылымды дамыту, қоршаған ортаны қорғау сияқты дамудың негізгі бағыттарын айқындап қойды. Әсіресе қалаға инвестиция тартуға ерекше көңіл бөліп отыр. Қазір ірі инвестициялық жобаларға жер телімдерін бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Ал инвестор шаһарды дамытуға 5 млрд теңге қаржы құюы мүмкін. 2030 жылға қарай қала экономикасына 173 миллиард теңге тарту жоспарланып отыр.