Сенаторлар АЭС салуға қатысты ақпараттық жұмыстармен өңірлерді аралайды
Осы аптада сенаторлар өңірлерді аралайды. Олар елімізде атом электр станциясын салуға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда осы мәселе бойынша Халық штабы құрылып, жұмысын бастап кетті. Оның құрамында Сенат депутаттары да бар. Ендігі міндет, өңірлерге барып, жан-жақты ақпарат беру. «Энергетикалық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін АЭС салу маңызды. Ал бұл референдум «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты көрінісі»,— дейді палата төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Сондай-ақ біздің энергия көздерін әртараптандыру үшін де атом энергетикасын дамытуымыз қажет. Сондықтан бұл енді біздің еліміз үшін бір стратегиялық шешімдер деп айтсақ, артық болмайды. Бұл мәселені референдумға Президентіміз шығарып отыр. Ол да өте дұрыс. Құптайтын нәрсе. Өйткені мұндай стратегиялық мәселелерді халық өзі дауыс беру арқылы шешуі керек. Шешім қабылдау керек.