Еліміздің солтүстік аймақтарына жылу қашан беріледі?
Энергетика министрлігі өкілдерінің сөзінше, оның нақты бір күні жоқ. Тек ауа температурасы күндіз үш қатарынан +8 градустан төмен болса, елді мекендерге жылу таратыла бастайды.
«Қазір елдегі жылу орталықтарының барлығы дерлік дайын тұр», - дейді, жауаптылар. 20 күнге жететін отын қоры да бар. Жалпы биылғы 10 энергоблокты, 55 қазандық пен 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Бірақ кейбір қазандықтардың жұмысы әлі аяқталмаған.
Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:
- Әрине, неге бүгінгі күнге дейін осыншама жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған? деген сұрақ туындауы мүмкін. Үлкен жүйе болғаннан кейін жылу орталықтары тек жылу емес, электр энергиямен қамтамасыз етумен айналысатындықтан, біз ол мекемелерді толық бәрін тоқтатып тастауға болмайды. Кестеге сәйкес жұмыстар жүріп жатыр. Жылыту маусымын бастауға тиісті қазандықтар мен турбиналар дайын.