Хабар телеарнасы

Қонаев қаласы қысқы жылу беру маусымына дайын

Қонаев қаласындағы №2 және №4 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізіліп, №9 қазандыққа ревизия жасалған. Жалпы шаһардағы «Жылу орталығында» 10 қазандық бар. Қазір онда су жылытуға арналған бір қазандық жұмыс істеп тұр. Тағы бір бу қазандығы жөнделіп жатыр.

Орталықтандырылған жылу жүйесіне  300-ден астам көпқабатты тұрғын үй қосылған. №2, 4, және 5 шағынауданның жылу құбырын ауыстыру жұмыстарына кіріскен мердігер компания өз міндеттемесін дұрыс атқармағандықтан, іс сотқа жөнелтілді. Сот шешімімен конкурс қайта ұйымдастырылып, жаңа мердігер анықталды. Нысан қазан айының ортасында пайдалануға беріледі.

Оңғарбек Махамбетов, «Жылу орталығы» МКК директоры:

- Қазіргі таңда 98% дайынбыз. Оның 2%-і бірінші, үш заявка бар еді. Бірінші –  турболизатор, екіншісі – горелка. Үшіншісі – дымосос. Құдай бұйыртса, осы айдың аяғында бәрі келіп, орнатылады. Биылдыққа екі километрдей межквартальный трубаларды ауыстырдық. Қазіргі таңда біздің «паровой котел» дейміз, солар келіп жатыр.