2050 жылға дейін атом электр энергиясының өндірісі 2,5 есе өсуі мүмкін
2050 жылға дейін атом электр энергиясының өндірісі 2,5 есе өсуі мүмкін. Бұл атом энергетикасы жөнінде халықаралық агенттіктің жариялаған жаңа болжамы. Бүгінде әлемде 31 ел атом энергиясын пайдаланса, тағы отызы АЭС салуды көздеп отыр. Арасында құрылысы аяқталуға жақын қалған Түркия, Бангладеш пен Мысыр бар. Сондай-ақ шағын модуль реакторлары технологиясының дамуы да атом энергиясы өндірісінің артуына әсер етеді.
Бьёрн Берге, Еуропа кеңесі бас хатшысының орынбасары:
-Бейбіт атомға келетін болсақ, Біріккен Ұлттар ұйымының баяндамасында бұл энергия өндірудің ең экологиялық әдісі делінген. Атом электр станциясының қорғаныс жүйесі өте берік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қарастырылған.