Хабар телеарнасы

Халықтық штаб мүшелері СҚО шаруаларымен кездесті

«Атом электр станциясы ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға жол ашады»,— дейді Солтүстік Қазақстан облысының шаруаларымен кездескен халықтық штаб мүшелері. Олардың айтуынша, еліміздің өнеркәсіп саласында қуат көзінің тапшылығы байқалады. Ал станция энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, экономиканың дамуына серпін береді. Басқосуда мамандар референдумның маңыздылығын түсіндіріп, халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Болашақта алдағы 10-15 жылдықта бізге электро энергия қуаты күрт жетіспей бастайды.Жеткізудің бір ғана жолы бар – альтернативті түрде, тұрақты түрде өзін беретін жобаларды іске қосу. Олардың бірі атом электро станциясы.