Хабар телеарнасы

Сарапшы: Энергетика көзін әртараптандыру керек

Еліміздің  энергетика саласын әртараптандыру керек. Бұл электр қуатының тапшылығы мәселесін шешеді. Осы істің басы-қасында жүрген мамандардың пікірі осындай. Осы тақырыпты Алматыда энергетика мамандары, оқытушылар мен студенттер бірге талқылады.

Ғалымдардың айтуынша, қазіргі таңда бізде электр қуатын тұтыну жыл сайын 3%-ке өсіп отыр. Тапшылықты болдырмас үшін оны көршілес елдерден алуға мәжбүрміз. Әсіресе республиканың оңтүстік өңірлерінде электр жарығы тұтынушылардың бәріне жетпейді. Анда-санда өшіп те қалады. Атом электр станциясы салынып жатса, Қазақстанда сенімді әрі тұрақты энергия пайда болады.