Елде шаруаларды қолдау еселеп артты
Президент тапсырмасы бойынша биыл Үкімет көктемгі егіс және астық жинау науқанын оңтайлы жүргізу үшін қажетті жағдайдың барлығын жасады. Атап айтқанда саланы жеңілдікпен қаржыландыру көлемі алғаш рет 3 еседен астам ұлғайтылып, рекордты 580 млрд теңгеге жеткізілді. Бұл қаражат егіншілерді тікелей несиелендіруге, пайыздық мөлшерлемені төмендетуге және форвардтық сатып алуға жұмсалды. Сыйақы мөлшерлемесін төмендету «Бәйтерек» холдингі коммерциялық қаражатты тарту сатысында жүргізілді. Келесі жылы қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыру кезінде осындай тетік іске қосылады.
Жалпы агробизнеске мемлекет тарапынан тұқым мен тыңайтқыш сатып алудан бастап экспорттық қолдауға дейінгі барлық кезеңде жан-жақты көмек көрсетіледі. Ал қаржыландыру көлемі келесі жылы 700 млрдқа жеткізілмек. Мәселен, биылғы қаржылай қолдауда оң нәтиже көрсеткен мына жайттарды атап өтуге болады.
Жеңілдетілген қаржыландыру нәтижесінде биыл 2 мың шаруашылық техникасын жаңалады. Ол жиыны 20 мыңға жуық техника. Жаңару деңгейі 5,5%, келесі жылы оны 6,5%-ке жеткізу межесі тұр. Ал аванстық субсидиялау нәтижесінде топырағы тоза бастаған алқаптарға биыл 1 млн 200 мың тонна тыңайтқыш енгізілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Келесі жылы бұл көрсеткішті 1,9 млн тоннаға жеткізу жоспарда.
Мемлекеттік қолдау шаралары нәтиже беріп жатқанын шаруалар да қуаттайды. Мәселен, «Кең Дала -2» бағдарламасы Батыс өңір диқандарының қолын ұзартқан.
Армат Бисенов, «АгроСервис - Батыс» компаниясының жетекшісі:
- Біздің шаруашылық алғашқылардың бірі болып «Кеңе Дала-2» бағдарламасы бойынша субсидия алды. Біз бірінші жобадан екіншісіне ауыстық, белгілі бір деңгейде кепілзаттарымыз босады, несиемізді ұлғайтуға мүмкіндік алдық. Көп пайда табу үшін көп ақша салу керек, міне, жаңа бағдарлама бізге осыған жол ашып берді. Ертең алатын өніміміз көбейеді. Бір қуантарлығы, қазір аяққа нық тұру үшін бізге қолдау қажеттігін Президент қолдайды.
Қолдау жақсы, сәтін салып 20 млнның үстінде өнім жинап жатсақ, оның бір парасын шетелге эскпорттау мәселесі бар. Қазірдің өзінде Өзбекстан, Қытай және Иранға астық жөнелтілуде.
Үкімет Орталық Азия, Қытай, Ауғанстан және Иран сияқты дәстүрлі нарықтармен шектелмей, Еуроодақ елдері, Солтүстік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және т. Б жаңа бағыттарды пысықтауды қолға алды.