Референдум: Алматыда 21 байқаушы ұйым ресми жұмыс істейді
Референдум күні Алматыдағы дауыс беру учаскелерінде 21 байқаушы ұйым ресми жұмыс істейді. Олар орталық және аумақтық референдум комиссиясынан тіркеуден өткен. Одан бөлек ТМД, Түркі мемлекеттері ұйымы, Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымының өкілдері байқаушы болады. Соңғы мәлімет бойынша қалада 624 учаске бар. Оның 549-ы ашық учаскелер. Ал 75-і әскери бөлімдер, тергеу изоляторлары және саяжайларда орналасқан. Алматыда 1 260 000 азамат дауыс беруге құқылы. Учаскелік комиссия мүшелері арнайы семинарға қатысып, дайындықтан өткен. Дауыс берушілер тізімінде жоқ, мекенжайы дұрыс көрсетілмеген тұрғындар арнайы жасақталған 40 учаскеде жеке мәліметті толықтырып немесе өзгерте алады.
Қазыбек Майгелдинов, Алматы аумақтық референдум комиссиясының мүшесі:
-Азаматтардың арнайы онлайн-сервис арқылы өзінің қай учаскеде тіркелгенін және қай жерге барып дауыс беруге мүмкіндік алатыны туралы, мысалы, арнайы QR код, арнайы телеграм бот және Алматы қаласының сайтында арнайы сервис аштық. Яғни азамат өзінің ЖСН енгізу арқылы 10-15 секунд ішінде өзінің учаскесін табуға мүмкіндік алады.