Хабар телеарнасы

Референдум: Қытайдағы отандастардың белсенділігі жоғары

Атом электр станциясын салу жөніндегі референдумда алғашқылардың бірі болып Қытайдағы дауыс беру учаскелері жұмысын бастады. Көрші елдегі отандастарымыздың белсенділігі жоғары. Қытайда дауыс беру науқаны қалай өтіп жатыр?

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Қытай елінде дауыс беру учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 7:00-де ашылды. Бүгін Қытай мемлекетінде үш дауыс беру учаскесі жұмыс істеп жатыр. Олар Бейжің, Гонконг және Шанхай қалаларында орналасқан. Учаскелер осы шаһарлардағы дипломатиялық өкілдіктерінің аумағында ұйымдастырылған. Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінің ғимаратында ашылған №389-шы референдум учаскесі.

Мұнда отандастарымыздың белсенділігі жоғары. Таңертеңнен бері дауыс берушілер көп болды. Референдум учаскесі комиссиясының мәліметіне сай, тіркелген азаматтардың дені түске дейін дауыс беріп кетті. Науқан қалыпты жағдай өтіп жатыр. Бейжіңдегі бұл учаскеде 236 азамат тіркелген. Негізінен дауыс берушілер Қытайда қызмет атқарып жүрген дипломаттар, ұлттық компания өкілдері, олардың отбасы мүшелері. Сонымен қатар осы елде оқып жүрген студенттер мен іс-сапарда және туристік мақсатта жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары. Дауыс беру тәртібі жалпы науқан барысы туралы комиссия төрағасы Нұрлан Аққошқаровтан тыңдайық.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:
- Жалпы дауыс берушілер белсенді деп айтуға болады. Шетінен келіп өз таңдауын жасап жатыр. Дауыс беру Қытайда жергілікті уақытпен кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Одан кейін белгіленген тәртіппен бюллетеньдер елге жөнелтіледі.