Бақылаушылар: Өрескел заңбұзушылықтар анықталған жоқ
«Дауыс» коалициясының бақылау желісі 181 ҮЕҰ мен кәсіподақты қамтыды. Учаскелік комиссиялардың жұмысында өрескел заңбұзушылықтар анықталған жоқ. «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы Төлеген Күнәділов осындай мәлімде жасады. Аталған коалицияға 181 үкіметтік емес ұйым мен кәсіподақ мүшелері кіреді.
Қоғамдық байқаушылар 6 қазанда еліміздің барлық учаскелеріндегі дауыс беру барысын бақылаған. Нәтижесінде: кей учаскелерде бір кабинаға екі немесе бірнеше адам кірмек болғаны, туыстары мен отбасы мүшелері үшін дауыс беруге әрекет жасалғаны, тіпті үгіт-насихат жүргізудің бірқатар дерегі анықталған.
Төлеген Күнәділов, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы:
- Осы фактілерді біздің байқаушылар деп кезінде анықтап, ескерту жасап, комиссия төрағасына арыздарын, шағымдарын айтып, бір жағынан айта кететіні осы науқанда комиссия мүшелерінің де біліктілігі артқаны байқалады. Себебі олар осындай ескертпелерге жау ретінде қарамай, бірлесе конструктивті диалог ретінде осындай жұмыстарды атқарған болатын.