Хабар телеарнасы

Алматы облысында 90 жастағы кейуана референдумда дауыс берді

Алматы облысындағы Үлкен ауылының тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр. Ондағы №332 дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып жасы 90-ға таяп қалған Фарида Побенко мен 70-тегі зейнеткер Иван Шелипов барған екен. Олардың ізін ала алғаш рет дауыс беріп отыраған 19 азамат бюллетень алды.

Үлкен ауылында 1 мың 93 дауыс беруші тіркелген. Алматы облысы бойынша барлығы 643 референдум учаскесі жасақталып, жұмыс істеп жатыр. Оның біреуі облыстық, 11-і аумақтық комиссия екенін айта кетейін. Еліміздің бұл өңірінде 994 мың 367 адам референдумға қатысу құқығына ие.

Әлия Үкібаева, №332 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы:

- Референдум учаскесі сағат 6-да ашылды. Сағат 7-де дауыс беру басталды. Үйден дауыс берушілер саны 4 өтініш түсті. Ауыл тұрғындары белсенділік танытуда. Әлі ешқандай құқықбұзушылық орын алған жоқ қазіргі таңда.

Роза Төлебаева, Үлкен ауылының тұрғыны:

- Халқымыз, осы еліміз көркейсе, жеріміз көркейсе деген басты мақсатымыз бар. Халықтың әл-ауқаты жақсарса деген ойдамыз. Таңдауымды жасадым.