Хабар телеарнасы

Қарағанды облысында дала өрті оқшауланды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дала өрті оқшауланды. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, алапат өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 557 қызметкері, 88 техника және 4 тікұшақ жұмылдырылған. Құтқарушылар сумен және жанармаймен қамтылды. 

Әділжан Арғынов, Қарқаралы ауданының әкімі:

-Азық-түлік елді мекендерде де жеткілікті. Жолдың бойында өрт жоқ. Кез келген елді мекендерге жете алады. Тағы бір айтатын жағдай: әлеуметтік желілерде мал шығыны бойынша ақпарат шығуда. Бұл ақпарат ресми емес. Аудандық әкімдікте жедел желі ұйымдастырылды.