Хабар телеарнасы

Елімізде АЭС салу экономиканың дамуына зор серпін береді

Қазақстанда АЭС салу түрлі өндірістік жобаларды іске асырып, экономиканың дамуына зор серпін береді. Атом индустриясын дамыту қауымдастығының басшысы Алдияр Тоқтаров осылай деді. Айтуынша, энергия тапшылығы салдарынан бүгінде 30-ға жуық шетелдік жоба жүзеге аспай отыр. Себебі оған шамамен 8 гигаватт электр қуаты қажет. Сондай-ақ елде атом электр станциясының болуы отандық ғылымның өркендеуіне де септігін тигізеді. Сондықтан бұл мәселені түбегейлі шешу қажеттігін айтады.

Алдияр Тоқтаров, Атом индустриясын дамыту қауымдастығының төрағасы:

-Менің ойымша, атом энергетикасы Қазақстан қоғамына үлкен пайда әкеледі. Сенімді әрі таза энергиямен қамтамасыз етеді. Ол ауаның ластануын азайтып, жаңа жұмыс орындарын ашады. Озық технологияларды дамытып, болашақ ұрпақтар үшін елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтады.