Хабар телеарнасы

Киберқауіп азаймай тұр

«Stop кредит» тетігін басуды ұмытпаңыз! Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов тұрғындарға осындай кеңес берді. Бұл азаматтарды қаржылық тәуекелдерден қорғауға арналған. Қызмет «eGov mobile» мобильді қосымшасында және «Электрондық үкімет» веб-порталының жеке кабинетінде қолжетімді. Яғни бұл тетікті басу арқылы сіз алаяқтарға өз атыңыздан несие рәсімделуіне тосқауыл қоя аласыз. Бұдан бөлек жеке деректерді пайдалануға берген келісіміңізді қайтарып алуға арналған жаңа тетіктер пайда болады. «Мұның барлығы киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған. Себебі киберқауіп азаймай тұр»,– дейді мамандар. 

Руслан Әбдіхалықов, ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы:
-Банк қосымшаларынан және 1414 хабарламасынан келетін кодтарды бөгде адамдарға айтпаңыз. Бейтаныс адамдардан келетін күмәнді сілтемелер мен хабарламаларды ашпаңыз. Күдік тудыратын сайттар мен қосымшаларға тіркелмеңіз. Әсіресе ұялы телефоныңызға жүктемеңіз. Оны жүктеу арқылы, өзіңіздің телефоныңызды алаяқтардың басқаруына мүмкінді бересіз.