Алматыда нормативтік талаптарды бұзған 60 құрылыс фактісі анықталды
Алматыда нормативтік талаптарды бұза отырып салынған 60 құрылыс фактісі анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов айтты. Мысалы, Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін созу жобасының құны асыра көрсетілген. Тексеруден соң жоба түзетіліп, 1 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты қайтарылды. Одан бөлек, жыл басынан бері мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудағы заңсыздыққа жол берілген жоқ. Нәтижесінде 4,1 млрд теңге үнемделді. Сондай-ақ департамент биыл жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 4 адамға ақшалай сыйақы берді.
Арман Рахимов, қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы:
-Әр өңірдің ерекшелігі мен өзекті мәселелерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленген болатын. Картаға сәйкес бүгінгі таңда қала тұрғындарын толғандыратын 11 негізгі сала бар. Біздің жұмысымыз осы салада көрініс тапқан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған.