Хабар телеарнасы

Арал ауданында 7 400 тонна балық аулау жоспарланған

Басым бөлігі Кіші Арал теңізінен сүзіледі. Бүгінде ауданда балық өңдейтін 9 зауыт бар. Олардың жылдық өндірістік қуаты 24 мың тоннаға жуықтайды. Ал бес зауыт су маржанын терең өңдеп, Еуропаға сатуды жолға қойған.

Былтыр өңірде 2 мың тоннадай балық өнімі экспортталды. Зауыттарды шикізатпен қамту үшін өңірде балық өсіру тоғанын көбейту қолға алынған. Соның бірі Аманөткел ауылында іске қосылды. Аумағы 5 гектардан асатын шаруашылықта келесі жылдан бастап тауарлы балық өндірілмек.

Ертай Бөгенбаев, балық өсіру тоғанының технологы:

-Мына жерде ешкім бұрын-сонды балық өсіріп көрмеген жігіттер. Көп мамандандырылмаған. Биыл практика ретінде бірталай нәрсе үйрендік. Келесі жылға жоспарлар, кеңейтілген түрде істейміз деп отырмыз. Келесі жылы 120 тонна тауарлы балық шығарамыз деген жоспарда. Бірінші өзіміздің өңірлерді қамтып алып, сосын қалғанын шетелге сатамыз.