Хабар телеарнасы

Ақтөбеде 100 көшет отырғызылды

Ақтөбедегі аллеялардың біріне 100 көшет отырғызылды. Қаланы көгалдандырып, абаттандыруға мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері және студенттер атсалысты. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы елді мекендерге 350 мыңдай ағаш егіліп, 70 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылған.

Естай Сейсенбай, облыстық мәслихат депутаты:

-Біздің Ақтөбе қаласында әр сенбіде біз сенбілікке шығып тұрамыз. Яғни бұл сенбілікке тек қана мынау парктерді тазалау емес жалпы қаланы тазалау. Яғни мұның ішіне аулаішілік жолдар, мынау әрбір көше тұрғындары өздерінің ауласын тазалау, әрбір жастар осылайша қаланың тазалығына көңіл бөлуде.