Ақтөбе облысындағы жол құрылысын онлайн бақылауға болады
Ақтөбе облысында жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарын онлайн бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық платформа іске қосылды. Оның көмегімен жоба әзірленгеннен бастап қолданысқа берілгенге дейін толық бақылауға болады. Сандық жүйеге жұмыс кестесі енгізілген. Сонымен қатар аймақтағы жол жөндеу жұмыстарының келер жылғы жоспары дайындалды. Әзірге жүйеде облыстағы 112 жобаға қатысты ақпарат бар.
Ләззат Жаманқұлова, жобаның менеджері:
-Платформада мердігерлер жайында да барлық ақпарат бар. Бұрын қандай жобалармен айналысқан немесе қазіргі сәтте қандай нысандарды салып жатыр, бәрін көруге болады. Мердігердің жұмыс сапасына баға беріп, компаниялардың рейтингін жасауға мүмкіндік бар.