Хабар телеарнасы

Елордада «Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты көрме өтті

Биыл Жошы ұлысының іргесі қаланғанына - 800 жыл. Бүгін елордада «Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты көрме өтті. Еліміздегі барлық музейлер сол дәуірге тиесілі құнды жәдіргерлерді арнайы алып келген. Мәселен, Сарайшық қаласынан табылған құмыралар мен ыдыс-аяқтар, ортағасырға тиесілі монеталар, кесенелерді безендерген кірпіштер бар. Сондай-ақ, Жошы хан кесенесінің құббасы, тарихи қолжазбалардың көшірмелері көрермен назарына ұсынылды. Еске сала кетейік, «Ұлытаудағы ұлттық музей-қорығының аумағында Алтын Орда дәуіріне тиесілі 10-нан астам тарихи ескерткіш сақталған.

Мұхтар Бақытұлы, Ұлытау облысы «тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы» КММ директоры:

-Көптеген жәдігерлер археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған, ол -теңгелер. Ол ортағасырда мемлекеттіктің, уалаяттың немесе бір ұлыстың өзінің егемендігін, дербестігін көрсетеді. Хан теңге соқса, ешкімге бағынбайды. Экономикасы бәрі, дербес екенін көрсетеді.