Алматы облысының 14 елді мекенде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Алматы облысының Кеген ауданындағы 14 елді мекенде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның бірі – Аспантаулар аясындағы Ұзынбұлақ ауылы. Мұнда 14 көшеге асфальт төселді. Кеген мен Райымбек ауданының аумағында ұзындығы 300 шақырымдай республикалық маңызға ие тас жол бар. Соңғы бес жылда соның үштен бір бөлігі күрделі және орташа жөндеуден өтті. Бұл мақсатқа 14 млрд теңге бөлінген. Келесі жылы Көлсай көлдеріне апаратын «Көкпек - Кеген - Түп – Жалағаш – Саты – Күрметі» автомобиль жолының 3-21 шақырымы аралығын жөндеу жоспарланып отыр.
Жанат Өтепбергенов, «Қазавтожол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы:
-Райымбек ауданына көшетін болсақ, ол жерде республикалық маңызы бар бір-ақ жол бар. Ол «Кеген – Нарынқол» жолы. Оның биылғы жылы 74-89 шақырымы аралығындағы орташа жөндеу жұмыстарын аяқтағалы отырмыз. Бірақ келесі жылы қалған 74 шақырымын біз аталған орташа жөндеу жұмыстарымен аяқтайтын боламыз.