Хабар телеарнасы

Түркістан облысында мақта түсімі мол

Түркістан облысының мақталы аудандарында жиын-терім науқаны аяқталуға жақын. Биыл Мақтаарал, Шардара, Арыс, Отырар және Сауран аудандарында 106 мың гектарға ақ алтын егілген. Орташа есеппен әр гектардан 15-35 центнерден өнім жиналып жатыр. Сапасы жоғары шитті мақтаны сатып алушылармен келісімшарт жасалып та қойған. Ал облыс орталығындағы агроөнеркәсіптік кешен іске қосылса, мақтаны шикізат күйінде емес, өңделген тауар күйінде экспорттауға мүмкіндік туады. 

Болат Жүсіпов, мақта қауымдастығының төрағасы:

- Субсидия беріліп жатыр. Силитра жағынан, ГСМ-ге беріліп жатыр. Суға беріп жатыр. Бірақ енді көп шаруалардың жерлері, арендный жерлер. Сол себептен кейбір шаруалардың шығыны жабылып жатса, кейбірі шығындарын жаба алмай жатқан жағдайлар бар. Былтыр Қытайлар алды. Биыл да Қытайлар келеді деп барлығы үміттеніп отыр және Түркиядан келіп жатыр.