Алматыда көлік жүргізу куәлігіне тест тапсыру талабы қатаңдатылды
Алматыда көлік жүргізу куәлігіне тест тапсыру талабы қатаңдатылды. Енді жүргізуші куәлігін алғысы келгендер екі сатылы тексеруден өтеді. Нақтырақ айтсақ, әр адам жеке басын SMS хабарлама арқылы және биометриялық жүйемен растайды. Содан кейін ғана емтихан тапсырады. Бұл осы саладағы алаяқтықты жойып, бөтен адамның араласуына жол бермейді. Алматыдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Әсет Тұрғымбаевтың айтуынша, қазір емтихан тапсырғандардың 60% тесттен сүрінбей өтеді екен. Екі факторлы растау жүйесі жол апатын азайтуға да септігін тигізеді.
Әсет Тұрғымбаев, Алматы қаласы мамандандырылған ХҚКО басшысы:
-Сол хабарламада өзіңіз екеніңізді дәлелдеу үшін растау кодын басасыз. 212, 214 деген бойынша, егер сіз өзіңізді растайтын болсаңыз 512-ні басасыз. Содан кейін бізде теория сыныбына кірген кезде қай компьютерге отыратыныңыз сол жерде белгілі болады. Оған дейін сіздің қай компьютерге отыратыныңыз белгісіз.