Саранда 113 көпқабатты үй орталық жылу желісіне қосылды
Саран қаласында 113 көпқабатты үй орталық жылу желісіне қосылды. Дегенмен қазан айында іске қосылған жаңа қазандықты қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Ал қаладағы қалған 149 көпқабатты үй ескі желілік қазандықтарға қайта қосылған болатын. Жөндеу жұмыстары біткенше тұрғындар бір ай бойы суық пәтерде отырды. Еске салсақ, жылыту маусымына дайындықты дұрыс ұйымдастырмаған қала әкімі Еркін Баулықов жұмыстан босатылып, ал облыс басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Президенттен сөгіс алды.
Ғабиден Ахметов, Саран қаласы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
-Үйлермді жылумен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Олардың кейбірі қысқа дайын емес. Құбырларында ауа тұрып қалған, сүзгілері тазаланбаған. Оның барлығы бітеліп тұрған соң, жылу әрине болмайды. Ал орталық жылу қазандығына жоба бойынша бірінші кезектегі үйлерді қосып отырмыз. Қалғанын орталық қазандықты қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін қарастырамыз.