Хабар телеарнасы

Заңсыз активтерді қайтару: 525 млрд теңге мемлекет кірісіне аударылды

Заңсыз иемденілген активтерді қайтару аясында - 525 млрд теңгеден астам қаражат мемлекет пайдасына арнаулы қорға аударылып, әлеуметтік жобаларға бағытталды. Бүгін Үкіметте активтерді қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысында аталған сомаға келесі нысандардың құрылысы мақұлданды. Ол Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған 120 орындық спорт кешені, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы. Айта кетері, жыл басынан бері Комиссия 900 млрд теңгеден астам қаражат бойынша осындай келісімдерді мақұлдады.

Еске сала кетейін, бұған дейін Президент тапсырмасымен Түркістан облысының Темірлан ауданында музыка мектебі мен Ақмола облысының Зеренді ауылындағы спорт кешенін салуға қаражат бөлінген болатын.