Хабар телеарнасы

Санитарлық кітапша цифрлық форматқа көшеді

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап санитарлық кітапша тек электронды түрде жұмыс істейді. Мұны денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді. Жыл сайын шамамен 1,5 млн-нан астам қазақстандық осындай кітапшаны рәсімдейді. Ал бұл бастама азаматтардың уақытын үнемдеуге көмектеседі. Сондай-ақ, сұранысы жоғары 8 медициналық анықтама цифрлық форматқа көшеді.

Ербол Оспанов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
- Оны өту үшін қызметкерлер медициналық ұйымға барып, зерттеулерден өтіп, кітапшаларды рәсімдеуге тура келеді. Мысалы бір азамат 2-3 жерде жұмыс істесе, ол 2-3 кітапша рәсімдеуге тура келеді. Бұл қаражаты бар, ақылы қызмет болғаннан кейін. Осыны ескере отырып, бұл мәселені жою үшін оны цифрлық форматқа ауыстырдық.