Ұлық өнер ұлықталды
Бүгін Астана аспанында ән асқақтап, күй тартылды. Жыр шалқып, патша көңілді көрерменге тәлімді терме ұсынылды. Сарыарқа төрінде Астана мен Алматының хас таланттары арасында ұлттық өнердің байрақты бәсекесі өтті. Екі өңірден келген өнерпаз жыр-термеден сайысқа түсті. Өнер жарысында жеңіске жеткен командалар келесі кезеңге өтіп, Астана төрінде 4 қаланың дүбірлі додасы болады.
Серікзат Дүйсенғазы, «Құрмет» орденінің иегері, ақын:
- Мұның мақсатының өзі – өңір-өңірлердің арасында мәдени байланыс орнату. Бүгінгі айтысымызды Астана қаласының әкімдігі, Аманат партиясы қолдап отыр. Бұл үлкен қолдау, мемлекет тарапынан. Далалық театрымыздың көрінісі – айтыс деген. Ал дәстүрлі ән-күй, жыр-термеміз – баға жетпес байлығымыз. Осының бәрін бір жобаға сыйдырып, бәрін насихаттау – бұл керемет жоба, мұның ешқандай баламасы жоқ.