Каспий жағалауында итбалық қырылып жатыр
Каспий жағалауында итбалық қырылып жатыр. Балық инспекциясы басқармасы мамандарының мәліметінше, 23 қазаннан бері Түпқараған ауданында 900-ге тарта теңіз сүтқоректісінің өлексесі анықталған. Ал күні кеше Ақтау қаласы мен Қарақия ауданындағы Құрық портына дейінгі жағалаудан тағы 115 итбалықтың ұшасы табылды. Басым көпшілігі ыдырап кеткендіктен, сынама алуға жарамайды. Аумақта бақылау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Андрей Руцкий, облыстық балық инспекция басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
-Каспий жағасындағы елді мекендердің маңынан 1034 итбалықтың өлексесі табылды. Жергілікті әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, оларды жинау, арнайы орында жою жұмыстары атқарылуда. Теңіз жағалауында көлікпен жүру қиын жерлер бар, олардың барлығын жаяу аралау үшін уақыт керек.